Астана теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Күрделі жөндеу кезеңінде вокзал жөндеу жұмыстарын жүргізу аймақтарына кіруді шектей отырып, үздіксіз жұмыс істейтін болады. Объектіні пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін айқындалады.
"Ауқымды жаңарту шеңберінде шатырды, қасбетті, вокзалдың ішкі үй-жайларын, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жоспарлануда. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары жаңғыртылатын болады", - деп жазылған ресми ақпаратта.
Инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық топтары үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.