Астананың іргесінде көші-қон ісімен заңсыз айналысқан әйел ұсталды

446

Қазір полиция күдіктінің сыбайластарын іздеп жатыр

Астананың іргесінде көші-қон ісімен заңсыз айналысқан әйел ұсталды Фото: polisia.kz

Талапкер ауылында 49 жастағы әйел қолға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ішкі істер министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, әйел адам мигранттарға "құжат" алып беру үшін ақша алып отырған. 

"Талапкер ауылының тұрғыны Қазақстан аумағына келген шетелдік азаматтарды тауып, оларға уақытша тұруға, тіркелуге немесе тұруға ықтиярхат алуға жәрдемдесуді ұсынған. Бұл қызметке өзге тұлғалар да тартылып, қылмыстық топ құрылымдық түрде жұмыс істеген. Фигуранттар жалған құжаттарды рәсімдеу арқылы көрсеткен қызметтері үшін 40 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алып отырған", – деп хабарлады Ақмола облысының полициясы.

Әйелдің үйінен құжат, мөр мен жалған анықтамалар табылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу