Астананың іргесінде мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды

334

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Астананың іргесінде мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды Фото: polisia.kz

Полицейлер қылмыстық топтың мұқият жоспарлаған мал ұрлығын саяжайлардың бірінде әшкереледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысының 3 тұрғыны қылмысты алдын ала жоспарлап, қажетті құралдар мен көлікті дайындаған. Түн мезгілінде олар тұрғындардың ауласынан екі бие мен бір сиырды айдап әкетіп, жануарларды жақын маңдағы орманға жеткізген. Ізді жасыру үшін күдіктілер малды сол жерде сойып, етін көлікпен алып кеткен.

Жедел-іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жануарлардың терілерін және трассаға апаратын іздерді тапты. Сонымен қатар бейнебақылау камералары күдіктілердің қозғалысын тіркеп, олардың жеке басын анықтауға мүмкіндік берді.

Тінту кезінде қылмыс жасауға пайдаланылған арқан, жүген және шамдар тәркіленді. Ал делдалдардан бөлшектелген мал еті табылып, айғақ ретінде алынды. Ұрланған ет күдіктілер тарапынан сатылып үлгерген.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында олардың бұған дейін де ұқсас қылмыстар үшін жауапқа тартылғаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу