терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
9-қарашада сағат 7:00 – 14:00 аралығында Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен Астана қаласы аумағында "Ветеренария бойынша ұлттық референттік орталық" жағдайында (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген.
Шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күш-құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар мен қаланың кейбір ауданында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.
– Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсінікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз, – деп ескертті ведомстводан.