Астананың қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеудің тағы бір тәсілі пайда болды

587

Ол үшін "Avtobys" мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет. 

Астананың қоғамдық көлігінде жол ақысын төлеудің тағы бір тәсілі пайда болды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын треккинг функциясының көмегімен төлеуге болады, деп жазады inbusiness.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Трекингпен төлеу үшін:

  • маршруттар бөліміне өтіңіз;
  • қажетті бағдарды таңдаңыз;
  • белгішені басу арқылы автобусты таңдаңыз;
  • төлеу функциясын басыңыз;
  • төлемді растаңыз.

Төлем "Avtobys" қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын:

  • көлік картасы;
  • QR-код сканерлеу;
  • Bluetooth арнасы;
  • банк картасы;
  • NFC құрылғылары;
  • автобустың борт нөмірі;
  • треккинг функциясы арқылы төлеуге болады.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу