Синоптиктердің болжамынша, ауа райы еліміздің басым бөлігінде құбылып тұр. Тіпті 9 өңірінде ескерту де жарияланды. Қазгидрометтің хабарлауынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Ақмола, Қызылорда облыстарында және Шымкент қаласында ауа райы күрт бұзылып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал. Кей аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналады. Сонымен қатар, қалың тұман түсуі мүмкін.