Астананың көрікті жерлері ақшыл көк түспен жарықтандырылады

4656

 Астананың көрікті жерлері ақшыл көк түспен жарықтандырылады

Астанада "Бәйтерек" монументі, "Хан Шатыр" сауда, ойын-сауық орталығы, "Сарыарқа", "М2" көпірі ақшыл көк түске боялады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған балалар күні атап өтіледі. Осы күні халықты мерзімінен бұрын босану туралы ақпараттандыру және мерзімінен бұрын туған сәбилердің қажеттіліктеріне назар аудару мақсатында сәулет құрылыстарын жарықтандыру акциялары өтеді.

Осы күні, сондай-ақ, Нью-Йорктегі Эмпайр-стейт-билдинг және Ыстамбұлдағы Босфор көпірі ақшыл көк түспен жарықтандырылады, ал көптеген танымал тұлғалар ақшыл көк түсті киім киіп шығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу