Астананың құтқарушылары төрт баланы өрттен құтқарып қалды

1030

Астананың құтқарушылары төрт баланы өрттен құтқарып қалды

Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті төрт баланы өрттен құтқарып қалды.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі қабатты үйдің баспалдақ алаңында жалпы ауданы 2 шаршы метрді құрайтын аумақта электр қалқаны мен электр сымдары жанған. Өрт сөндірушілер жедел түрде оқиға орнына жетті. Үйдің кіреберісі қатты түтіндегендіктен тұрғындардың өміріне қауіп төнді.

Өрт кезінде екінші қабаттағы пәтерден 5 адам құтқарылды, оның ішінде төртеуі – бала.

Өрт сөндіру жұмысының негізгі бағытын дұрыс әрі тез белгілеудің арқасында өрттің жайылуына және қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді.

Елорданың өрт сөндіру қызметі қала тұрғындарын абай болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу