Астананың оң жағалауында жеке тұрғын үй өртенді

317

Оқиға орнында бірнеше жарылыс болған.

Астананың оң жағалауында жеке тұрғын үй өртенді Фото: inbusiness.kz

"Бүгін, 27 шілде күні сағат 14:11-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Ер Қосай көшесінің бойында өрт шарпыған нысанға бағытталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, автоцистерналар, жанғыш сұйықтық құйылған бөшкелер және екі қабатты коттедж өртеніп жатқанын анықтады", делінген Астана ТЖД мәліметінде.

Қызыл жалын сағат 14-45 шамасында ауыздықталды. Оқиға орнында жеке құрамның 74 қызметкері мен 14 техника жұмыс істеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу