Астананың орталық саябағында орналастырылған биіктігі 10 метр жасанды шырша өртенді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтемемен КазТаг.
"25 желтоқсанда сағат 06.19-да Тұран көшесі бойындағы шыршаның жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіруші бөлімшелер келіп жеткенде биіктігі 10 метр болатын жасанды шырша жанып жатқан. Өрт 06.38-де сөндірілді. Өрт сөндіруші бөлімшелердің жұмылған күшінің арқасында өрт уақытылы сөндіріліп, тарап кеткен жоқ", - деді дүйсенбіде ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Ол нақтылағандай, өрт сөндіруге 2 бірлік техника және Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 10 адамы жұмылдырылған.
"Өрт себептері анықталуда. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Руслан Иманқұлов. Ол Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.