Осы демалыс күндері елорданың орталық саябағында алғашқы желілік мұз айдыны ашылады, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Мұз айдынының ұзындығы 290 метрді құрайды. Ол сағат мұнарасынан басталады (Тұран даңғылының жағындағы орталық саябақтың аумағы). Концерттік бағдарламамен мұз айдынының ашылуы 23 желтоқсан күні сағат 18:00-де өтеді.
Желілік пішініне байланысты мұндай мұз айдындарында кеңістік оңтайлы пайдаланылады, бұл әсіресе қалалық жағдайларда маңызды. Конькиді жаңадан үйреніп жүргендерден бастап тәжірибелі жүгірушілерге дейін желілік мұз айдындары барлығына ләззат алуға мүмкіндік береді.
Мұз айдынының өзінен басқа, саябақта шырша мен арнайы тақырыпқа негізделген қондырғылар, сондай-ақ жәрмеңкелерге арналған сауда павильондары және т.б. болады.
Естеріңізге сала кетейік, Астананың барлық ауданында қала тұрғындары мен қонақтарының көңілді демалысы үшін 60-қа жуық мұз сырғанағы мен мұз айдыны салынады, сондай-ақ фотоаймақтар, шағын архитектуралық формалар, жаңа жылдық инсталляциялар және т.б. орнатылады. Әдетте, жыл сайын бұл жұмыс 23-25 желтоқсанға дейін аяқталады.
Жұмыстың бір бөлігі аяқталды. Мысалы, қысқы демалысты тамашалап, мұз айдынында, сырғанақта "Жастар" сарайының алдындағы алаңда және ЭКСПО-қалашықта серуендеуге болады.