Астананың полицейлері ағылшынша тіл сындыруда

1353

Астананың полицейлері ағылшынша тіл сындыруда

Астана қаласының ішкі істер департаменті полиция қызметкерлерінің арасында викторина ойнатып, олардың ағылшын тілін тексерді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Жарыс кезінде полиция қызметкерлері туристермен қалай сөйлесу керектігін көрсетіп, жол ережесін бұзған жағдайда, ұрлық фактісі тіркелсе, қалай айыппұл толтыру керектігін жаттады. Кейбір грамматикалық қателерге қарамастан, әділ қазылар алқасы Астананың полиция қызметкерлері тапсырманы орындады деп баға берді. Тәртіп сақшылары сондай-ақ  ағылшын тілінде жиі қолданылатын сөздерді айтып жарысты.

Дегенмен, ҚазАқпарат тілшісінің сұрағына учаскелік полиция инспекторы, лейтенант Марат Әбдрахманов жөнді жауап бере алмады. "How can I find the Baiterek?" ("Бәйтерекке" қалай баруға болады?) "You need go straight Sarayshyk, turn left, (Сіз Сарайшық көшесімен тура жүріп, солға бұрылуыңыз керек, көшенің аты есімде жоқ (...). Осындай диалогтан кейін ол: "Ағылшын тілін үйреніп келе жатқанымызға төрт ай болды, бәрін нөлден бастап үйрендік. Қазір "Elementary" деңгейіндеміз. Жұмыстан тыс уақыт тауып, ағылшын тілін үйренуге тура келіп тұр. Оқытушыларға рақмет, ЭКСПО көрмесіне дейін ағылшын тілін бұдан да жақсы үйреніп, ұятқа қалмауға тырысамыз",-дейді. Жалпы, Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, Астана полициясы 2014 жылдан бері ағылшын тілін үйреніп келеді екен. Оқу курстары тегін. Яғни, ниет білдірген кез келген қызметкер курсқа жазылып, ағылшын тілін жетілдіре алады. Осы уақытқа дейін 500-ден астам полиция осындай оқудан өтіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу