Өтінімдерді қабылдау барысында Сарыарқа ауданының тұрғындары 83 жобалық ұсыныс берді. Олардың 28-і жоба туралы ереженің өлшемдеріне сәйкес келмеді. Бас тарту себептері – соңғы 5 жылда белгіленген аумақта абаттандырудың жүргізілуі және барлық астаналықтарға аумақтың бірдей қолжетімсіздігі.
Сонымен қатар сараптамалық кеңеске кірген урбанистер, өткен жылдардың жеңімпаздары мен тұрғындардың шешімімен дауыс беруге арналған жобалар 2 санатқа бөлінді. Мәселен, пәтер саны 100-ге дейінгі аулаларда 7 жеңімпаз жоба айқындалады, ал 100-ден астам пәтері бар аулаларда дауыс саны көп 8 жоба іріктеледі.
Дауыс беру функциясы 6 сәуірде Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының сайтында қолжетімді болады. Тұрғындар ЭЦҚ көмегімен дауыс беру арқылы іске асырылатын үздік жобаларды іріктейтін болады.