Астананың Сарыарқа ауданында жалпы ауданы 126,3 мың шаршы метрді құрайтын сегіз тұрғын үй кешенінің құрылысы жалғасуда. Бұл туралы аудан әкімі Арман Тұрлыбек халық алдындағы есептік баяндамасында айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты..
Атап айтқанда, Кенесары көшесі мен Сарыарқа даңғылының қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені (МТЖ); Кенесары көшесі мен Т.Шевченко көшесінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар МТЖ; Тілендиев даңғылы мен Қайнар көшесінің қиылысындағы жапсарлас үй-жайлары мен паркингі бар МТЖ; жапсарлас үй-жайлары және Дәулеткерей көшесі бойындағы паркингі бар МТЖ; Сарыбұлақ көшесі мен Московская көшесінің қиылысындағы жапсарлас "Сайран" бірлестігі" ЖШС"; Павлов көшесі мен Ш.Уәлиханов көшесі бойынша "Гарант" ТА; Карталинская көшесі бойынша "Пана" ТК.
Барлық нысандарды іске қосу 2019 жылға жоспарланған.
2018 жылы ауданда жалпы ауданы 64386,6 шаршы метр 11 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Пәтерлер саны – 693. Аумағы 180008,6 шаршы метр әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық сипаттағы 54 нысан.