Астананың шекарасы кеңейді

1578

Астананың шекарасы кеңейді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу