Елорданың Шұбар шағын ауданы 2023 жылдан бастап газдандырыла бастайды. 2022 жылдың аяғына дейін сараптаманың оң қорытындысын алу жоспарланып отыр. Бүгінде жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп жазады inbusiness.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ақпаратта көрсетілгендей, Сарыарқа және Алматы аудандарында үйлерді газға қосу мүмкіндігі толық қамтамасыз етілген. Яғни 10 тұрғын алабы мен 4 шағын ауданға (Ақбидай, Қазақауыл, Нұр-Бесік, Потанин көшесі ауданындағы шағын аудан) осындай мүмкіндік жасалды. Ал, Байқоңыр және Есіл аудандарында газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр.
Осыған дейін Елорданың толықтай газға көшуі атмосфераға шығарылатын зиянды қалдықтар көлемін 40 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік беретіндігін https://inbusiness.kz/kz/news/gazga-kosyludyn-ortasha-bagasy-700-800-myn-tenge жазған болатынбыз.