Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды

262

Бұған себеп – желідегі кабельдің ұрлануы. 

Астананың сол жағалауындағы бірқатар тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды Фото: Caravan.kz

13 желтоқсанда елорданың сол жағалауындағы Қонаев пен Мәңгілік ел көшелерінде орналасқан кейбір тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды. Бұл туралы  "Астана-АЭК" АҚ-тың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Компания баспасөз қызметі "Шұбар" қосалқы станциясында 10 киловаттық ұяшық автоматты түрде ажыратылғанын хабарлады.

"Төрт жедел-көшпелі бригада оқиға орнына аттанды. Қайта жалғау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз", – дейді компаниядағылар.

Жарықсыз қалған нысандар:

  • "Арайлым" ТК;
  • "Премиум" ТК;
  • "Новый мир" ТК;
  • "Нұрсая" ТК;
  • "Парковый" ТК;
  • Қонаева көшесі, 7, 31 мекенжайындағы әкімшілік ғимараттар.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу