Астанада жыл соңына дейін 73 реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады, деді брифинг барысында Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елжан Чупеков.
"Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп көше-жол желісін тексеру авариялық-қауіпті учаскелерін анықтау мақсатында жол-көлік оқиғаларына талдау, тексеру іс-шараларын жүргізді. Жағдайды зерттеп, қала басшылығы мен Астана қаласы ІІД-ні бұрын реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағына 73 бағдаршам қою бойынша үлкен бағдарламаны қолға алды", - деді Елжан Чупеков.
Оның айтуынша, бағдаршамдардан бөлек, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жарықтандыру болады, қоршаулар метражы ұлғаяды, сондай-ақ, жаяу жүргінші мен көлік ағындары бөлінген болады.
"Бұл жұмыс осы жылы аяқталады. Менің ойынша бұл жолдағы қақтығыстарды айтарлықтай азайтуға тиіс" ,- деді Елжан Чупеков
Сонымен қатар, қазіргі таңда көлік ағынының кедергісіз жүруін жақсарту үшін 43 оңжаққа бұрылу жолы жобалануда.
Елжан Чупеков осы жылы Астана қаласының сол жағалауында қандай көшелер бір бағытты болатынын айтты.
Оның айтуынша, сол жағалаудағы Ақмешіт, Түркістан, Қонаев, Достық көшелерінде бір жақты жол қозғалысын енгізу жоспарлануда.