Астананың тағы екі даңғылында бір бағытты қозғалыс енгізбекші

925

Астананың тағы екі даңғылында бір бағытты қозғалыс енгізбекші

Астанадағы Абылай хан және Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылдарында биыл бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланған, деп хабарлады жолаушы көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.
"2017 жылдың екінші тоқсанында ұзындығы 5,3 шақырым болатын Абылай хан және Құдайбердіұлы даңғылдарында бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр", – деді ол бейсенбі күні Астананың көлік жүйесін дамыту бағдарламасы бойынша қоғамдық тыңдауда.
Бекмырза Игенбердиновтың айтуынша, бұл шешім қауырт шақта  көлік легінің орташа жылдамдығын 12-ден 20 шақырым/сағатқа арттыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу