Астананың тазалығы мен көгалдандыруына үлес қосқан мамандар марапатталды

324

Жұмысшы мамандық иелері еліміздің өркендеуіне белсене атсалысып келеді.

Астананың тазалығы мен көгалдандыруына үлес қосқан мамандар марапатталды Фото: blog.ostrovok.ru

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жұмысшы мамандық иелері еліміздің өркендеуіне белсене атсалысып келеді. Қазір осы жерде адал еңбегімен зор табысқа жеткен нағыз еңбек адамдары отыр. Бұл орайда "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлын ерекше атап өтуге болады. Осы саладағы игі істер мен Президент ретінде ұсынған "Таза Қазақстан" тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Бұл бүкіл елімізге өте қажетті жұмыс деп айтсақ, қате болмайды. Өйткені көшелеріміз таза болмаса, әрбір жерде ағаш пен гүлдер көп егілмесе, азаматтарымыз табиғатқа қамқор болмаса, еліміз де жасампаз болмайды. Бұл – анық нәрсе. Бұл – Үкімет болсын, Құрылтай болсын, құқық қорғау мекемелері болсын, жергілікті билік өкілдері мен басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, барлық жоғары оқу орындарының, мектептердің ортақ парызы", – деді Мемлекет басшысы.

Басқа сөзбен айтқанда, бұл – жалпыұлттық қозғалыс, деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Бүгін елордамызды көркейтуге елеулі үлес қосқан білікті маманға "Құрмет" ордені беріледі. Ал "Астана орманы" ұйымында табысты жұмыс істеп жүрген Аманжол Төкенұлы Үйсінбаев "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталады", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу