Астананың теміржол вокзалында темір конструкция құлады

1033

Астананың теміржол вокзалында темір конструкция құлады

Астананың теміржол вокзалында "Астана – Лениногорск" қатынасындағы пойыздың үстіне конструкция құлады. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде куәгерлер жазып жатыр, деп хабарлайды kapital.kz.

"Астана, вокзал. Астана – Лениногорск пойызы. Қаза болғандар жоқ", – деп жазды Қайрат Жалғасбаев есімді азамат. Ол сонымен қатар оқиға орнынан суреттер де жариялап отыр.

Facebook қолданушысы Әсем Садықованың мәліметі бойынша, бір адам жарақат алған. "Қазір ғана  Астана вокзалында жапсарлас құрылыс құлады. 1 адам жарақат алды. Астана – Лениногорск пойызына зақым келді. Абай болыңыздар! Жоғарыға қарап жүріңіздер!, – деп хабарлады ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу