Астананың тұрақтандыру қоры толықтырылады

809

Астананың тұрақтандыру қоры толықтырылады

Астана қаласының тұрақтандыру қоры жаңа азық-түлік өнімдерімен толығады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астананың тұрақтандыру қоры әлеуметтік маңызы бар өнімдерді сатып алуды жалғастырады. Бүгінде онда қант, күріш және қарақұмық қоры бар.  Одан бөлек маусымдық көкөністер пайда болуы мүмкін.

"Азық-түлік өнімдерінің қандай түрін алу керектігін әкімдіктегі комиссия шешеді. Жуық арада комиссияның оырысы өтеді, сонда қандай өнімдерді алу керектігі шешіледі. Тұрақтандыру қорына маусымдық көкөністерді де алу жоспарлануда. Барлық өнімдер еліміздегі ірі өнім өндірушілерден сатып алынады. Оларға қойылатын басты талап, тауарды уақытылы жеткізу және сапа", - деді "Астана" "Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация" АҚ төрағасының орынбасары Досбол Көшербаев.

Айта кетейік, бүгінгі таңда астаналық тұрақтандыру қорында 717 тонна қант, 70 тонна күріш және 39 тонна қарақұмық сақталған.

Естеріңізге сала кетейік, тұрақтандыру қоры 2011 жылдан бастап жұмыс істеуде. Сатып алынатын азық-түлік тауарларының нақты тізбесі бойынша мемлекет қаржы бөледі. "Астана" "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация" АҚ тауарды белгілі бағада сатып алып, сақтауға қояды. Ары қарай әкімдік шешімімен тауар түрлері қала базарларына нарықтағы бағадан төмен бағамен шығарылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу