Астана қаласының туристік символы жобасының үздік нобай-идеясына жарияланған ашық Республикалық байқауға қатысуға өтініштерді қабылдау аяқталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Байқаудың мақсаты – Астананың туристік символы бойынша концептуалды дизайнерлік шешімдерді алуда жатыр.
Символ, белгі (бренд) қаланың статусын, оның туристік тартымдылығын, көрікті орындарын, ландшафтының ерекшелігін және тарихын жеткізуі тиіс. Байқауға қатысу үшін 142 өтініш тіркелді.
Материалдары бар конверттерді ашқан соң Байқаудың қазылар алқасы жобаның 10 үздік нобай-идеясын іріктейді. Жеңімпаздар онлайн-дауыс берудің нәтижесінде анықталады.
Байқау қорытындысы ақпанның алғашқы онкүндігінде шығарылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу