Астананың жаңа ауданында шие бағы пайда болады

679

Астананың жаңа ауданында шие бағы пайда болады

Астанада "Болашақ бағы" атты науқан өтті. "Астана –таза және қауіпсіз қала" экологиялық айлығы аясында Пушкин көшесінің бойындағы гүл бағында 300 шие көшеті отырғызылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ның бастамасымен өткен шараға Астана әкімдігінің өкілдері, қалалық маслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысты.

Аудан әкімі Ерлан Каналимовтың мәліметіне сүйенсек, жалпықалалық тазалық айлығының соңына дейін 1000 шие көшеті отырғызылады деп жоспарлануда.

"Аудан жаңа құрылып жатқандықтан Халықаралық бағдарламалар орталығы шие аллеясын сыйлауды ұйғарып, бізге осындай ұсыныс түсірген болатын. Біз бұл бастаманы қолдадық. Бүгін міне, Ақбұлақтың бойында 300 шие көшетін отырғызып жатырмыз. Бұдан бөлек, алдағы уақытта Тәшенов, Пушкин және Ақжол көшелерінде де ағаш егетін боламыз. Сондай-ақ, аула ішіндегі аумақтарда да абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз", – деп мәлімдеді Ерлан Каналимов.

Естеріңізге сала кетейік, жалпықалалық "Астана –таза және қауіпсіз қала" экологиялық айлығы 12 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу