Астананың жаңа әуежайы Көкшетау бағытында болуы тиіс – сарапшы

284

Жаңа әуежайды салу – бұл өте қымбат нысан. 

Астананың жаңа әуежайы Көкшетау бағытында болуы тиіс – сарапшы Фото: inbusiness.kz

Елордалық әуежайдың басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасовтың айтуынша, Астана-Көкшетау тас жолындағы орын жаңа әуе айлағын салу үшін ең қолайлы. Бұған дейін, Астана қаласының Бас жоспарында екінші әуежайға арналған орынды қаладан Қарағандыға қарай шығуда резервке қою қажет екендігі көрсетілген болатын. Еске сала кетсек, елордалық әуежай 7,5 млн жолаушыға қызмет көрсеткен болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"2028 жылы жолаушылар ағынын 12 миллионға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Жаңа әуежайды салу – бұл өте қымбат нысан. Сондықтан, біздің мемлекетіміздің жас және болашағы алда екенін ескеріп, осындай нәрселерді қамтамасыз етуі қажет. Маман ретіндегі менің пікірім: әуежай жаңа жерде салынуы қажет. Қарағанды тас жолының ауданында емес, Көкшетауға қарай бағытталуы тиіс. Қазір сол бағытта "Жоламан" аэродромы бар. Ол жерден жол жақсы өтеді. Сондай-ақ, электр жарығы, темір жол, кеңістік және 3,5 шақырым аумақта айналма жол бар", – деп атап өтті Ерғазы Жолдасов "Түскі формат" бағдарламасының эфирінде.

Бағдарламаның толық нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу