Елорданың жасыл белдеуіне 550 қырғауыл жіберілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Бұны елордалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "Астана орманы" ЖШС, "Астана Ветсервис" ПВХ-дағы МКК және Ақмола облыстық Орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бірлесіп ұйымдастырған.
Қырғауылдарды "Астана орманы" ЖШС орманшыларының күшімен үнемі бақылау жүргізу, ал қажет болған жағдайда қысқы уақытта қосымша азықтандыру жоспарланып отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу