Астананың жасыл белдеуіне жүздеген қырғауыл жіберілді

191

Бұл – құстардың екінші партиясы.  

Астананың жасыл белдеуіне жүздеген қырғауыл жіберілді Фото: Астана қаласы әкімдігі

Біріншісі биыл сәуір айында 850 бас құс ұшырылған болатын, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы "JARYQ AQ-JOL" ЖШС, "Астана орманы" ЖШС, "Астана ветсервис" ШЖҚ КМК және Ақмола облысы орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен бірлесіп, елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына 325 жетісу қырғауылын ұшырды.

"Жыл сайын елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағына шамамен 1 500 дана қырғауыл ұшырылады. Бұл қырғауылдардың мекендеу аясын кеңейтуге, жаңа аумақтарды қоныстандыру арқылы жасанды орман алқабындағы зиянкестерге қарсы биологиялық күрес жүргізуге ықпал етеді. Яғни қырғауылдарды жасанды орманға ұшыру ондағы зиянды жәндіктердің санын азайтуға септігін тигізеді", – деді Астана қаласы Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы көгалдандыру және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы Сағыныш Сағынтаев.

Оның айтуынша, елорданың жасыл белдеу аймағындағы жасыл желек, қамыс бұталар, жайылымдар және дәнді дақылдардың агроценозы қырғауылдардың тіршілік етуіне қолайлы.

"Қырғауылдар аязға төзімді, оларға ерекше күтім қажет емес, тек қыста азықтандыру қажет. Қырғауылдардың қорегі негізінен өсімдік, жидектер, тамырлар. Сонымен қатар бұл құстар жәндіктермен де қоректенеді. Қырғауылдар елорданың санитариялық-қорғау жасыл аймағында орналасқан "фазанарийде" өсіріледі. Құстарға үнемі бақылау жасалып, қадағалау жүргізіледі", – деді Сағыныш Сағынтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу