Астананың жол сақшылары екі күнде 1700-ге жуық ереже бұзу дерегін анықтады

965

Астананың жол сақшылары екі күнде 1700-ге жуық ереже бұзу дерегін анықтады

Астанада ақпанның 16-сы мен 18-і аралығында елордалық ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасын өткізді.

Шараның мақсаты - жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу. 

"Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасының үш күні ішінде сақшылар жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1700-ге жуық оқиғасын анықтады. 

Атап айтқанда, жүргізушілер апатты жағдай туындатып, қауіпсіздік белдіктерін тақпайды, бағдаршамның қызыл жаоығына жүреді, көлік құралын басқарып келе жатып ұялы телефон арқылы сөйлеседі, дейді сақшылар. Сонымен бірге, рұқсат етілмеген жерлерде жолдан өткен 234 жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу