Астананың жолдарына 40 медиаборд орнатылады

638

Астананың жолдарына 40 медиаборд орнатылады

"Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен Billboard video компаниясы цифрландыру тұжырымдамасының аясында Астана қаласында интеллектуалды көліктік жүйе жобасы бастау алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жоба Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасымен жүзеге асырылған. Жүйе жол бойына орналастырылған  бірнеше медиабордтардан тұрады. Олар жол қозғалысына қатысушыларға қажет щұғыл ақпаратты жеткізуге арналған:  жақын маңдағы көшелерге жету навигациясы мен жолға кететін уақыт, көшедегі  көлік ағымының жылдамдығы, ТЖ туралы хабарлама, жақындап қалған жедел жәрдем көлігіне жол беру ақпараты, ауа-райы, валюта бағамы және қала әкімдігінің жедел хабарламалары. 

Жүйе ауқымды ақпаратты өңдеуге дағдыланған (Big Data) технологиясын қолдану арқылы бір орталықтан басқарылады. Алдағы уақытта оның көмегімен әртүрлі себептерге қарай, мысалы ауа райының қолайсыздығы, жол жөндеу жұмыстары, бағдаршам қызметінің өзгеруі сияқты жағдайларда жолдағы қозғалысты жоспарлауға мүмкіндік туады.

Алғашқы медиаборд сынама жоба негізінде Ботаникалық бақтың жанында Түркістан көшесінің бойына орналастырылды. Астана қаласында осындай 40 медиаборд орналастыру жоспарланған.  Жоба 100 %  Қазақстанда әзірленген және әлемде оған ұқсас жоба жоқ екендігін атап өтеміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу