"Astra Consulting agensy" қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды

636

Алматыда "Astra Consulting agensy" ЖШС қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Astra Consulting agensy" қызметі қаржылық пирамида ретінде танылды

 

Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасы осы компанияның басшылығы мен қызметкерлеріне қатысты алғашқы мәлімдеме полицияға 2019 жылдың желтоқсанында түскенін еске түсірді. Бүгінгі күні зардап шеккендердің ресми саны – 124 адам.

"Азаматтарды ақша салуға тарту және ай сайынғы девиденттерді төлеуге уәде беру бойынша бірқатар алаяқтық іс-әрекеттерді жасады деген күдікпен компанияның алты қызметкері ұсталып, қамауға алынды. Оның жетекшісіне халықаралық іздеу жарияланды. Күдіктілердің іс-әрекеттері ҚР ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі (Қаржылық пирамида) бойынша квалификацияланған. 124 салымшыға келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 601 миллион 245 мың 283 теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ПД тергеу Басқармасы жүргізеді. Заңсыз әрекеттердің басқа қатысушыларын, сондай-ақ жәбірленушілерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты біз жоғарыда аталған компания өкілдерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды тергеушіге 8-701-732-86-54 нөмірі арқылы байланысуға немесе Алматы қаласы, Масанчи көшесі 55 үйге келіп ресми өтініш жазуға шақырамыз", – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу