"Астрахань-Маңғыстау" су құбыры реконструкцияланады

1170

Бұл су құбырының қуатын тәулігіне 110 мың текше метрден 170 мың текше метрге ұлғайтуға мүмкіндік бермек.

"Астрахань-Маңғыстау" су құбыры реконструкцияланады

ҚМГ және ЕАДБ "Астрахань-Маңғыстау" су құбырын реконструкциялау жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазТрансОйл" АҚ, "Магистралдық суағызғысы" ЖШС және Еуразиялық даму банкі Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында "Астрахань-Маңғыстау" магистралды су құбырын реконструкциялау және кеңейту" жобасын қаржыландыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Осы келісімге сәйкес тараптар жобаны іске асыру аясындағы ықтимал ынтымақтастықтың нақты талаптарын қосымша талқылайтын болады.

Айта кетсек, "Астрахань-Маңғыстау" су құбыры – Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандарының тұтынушылары үшін орталықтандырылған жалғыз су көзі.

ҚМГ мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы магистралды су құбыры арқылы 28,4 млн текше метр су жеткізілген. Былтырғы деректер бойынша, құбырмен келетін судың негізгі үлесі коммуналдық кәсіпорындар (53,8%) мен мұнайгаз өндіруші компанияларға (39,4%) тиесілі. Өнеркәсіптік мекемелерге су беру көлемі 5,5%, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 0,7%, жергілікті халық пен бюджеттік ұйымдарға 0,5%-ды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу