Астраханда бес қабатты үйдің екі кіреберісі опырылып түсті

297

Үйінді астында адамдар болуы мүмкін.

Астраханда бес қабатты үйдің екі кіреберісі опырылып түсті Фото: РИА Новости

Астраханда бес қабатты ғимарат жартылай опырылды, үйінділер астында адамдар болуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігін сілтеме жасап.

"Вокзальная алаңындағы бес қабатты үйдің 3 және 4-ші кіреберістері опырылған. Үйінді астында адамдар болуы мүмкін", - деп хабарлады төтенше жағдайлар қызметі.

Үйде барлығы 200-ден астам адам тұрған.

"Үйде төрт кіреберіс және онда 80 пәтер бар. 200-ден астам адам тұрды. Қазір адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүріп жатыр", - деді баспасөз қызметі.

Апаттың себебі тіреуіш құрылымдардың бұзылуынан болуы мүмкін.

"Бүгін үйдің сыртқы қабырғасында үлкен жарықшақ анықталды. Екі сағаттан кейін опырылып түсті. Оқиғаның негізгі себебі ретінде тіреуіш құрылымдардың бұзылуы қарастырылуда",- деді ТЖД.

Адамдардың бір бөлігі ғимараттан шығарылды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу