AstraZeneca акциялары арзандап жатыр

345

Компания Оксфорд ғалымдарымен бірлесе жасап шығарған вакцинасының тиімділігі 70% деп мәлімдеген еді.

AstraZeneca акциялары арзандап жатыр

AstraZeneca деп аталатын британиялық фармацевтикалық компанияның акциялары 2%-ға арзандады. Жасап шығарған вакцинасының тиімді екені жарияланғанына қарамастан осындай теріс динамика байқалып отыр. Компания Оксфорд ғалымдарымен бірлесе ойлап тапқан вакцинасының тиімділігі 70% деп мәлімдеген еді. 

Акциялар бағасының төмендеуіне бұған дейін шығарылған вакциналардың тиімдірек болуы себеп болып отыр. Сарапшылар нарықтың бұдан жоғары нәтиже күткенін айтады.

Бұған дейін Pfizer компаниясы өз вакцинасының тиімділігі 95%, ал Moderna 94,5% болады деп жариялаған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу