Еуропаның бірқатар елі AstraZeneca вакцинасын сатып алудан бас тартқаннан кейін, препараттың атауы өзгерді, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Швецияның медициналық өнімдер агенттігіне сілтеме жасап.
Енді бұл екпе Vaxzervia деп аталатын болды.
Компанияның айтуынша, препараттың параметрлері өзгермейді, тек өнімнің таңбалануы мен қаптамасы сәл өзгеше болуы мүмкін.
Бұл вакцинадан соңғы болып Канада бас тартты. Бұл елде жасы 55-тен асқандарға препарат егілмейтін болды. Канадалық мамандардың айтуынша, AstraZeneca препаратымен егілген 100 мың адамның біреуінде тромбоз пайда болуы мүмкін. Еуропаның бірқатар елі вакцина қабылдаған науқастарда тромбоз анықталғаннан кейін AstraZeneca вакцинациясын тоқтатып, бірнеше ел мүлдем тыйым салды.Бірақ препаратты жасап шығарған компания болса, оны қауіпсіз деп отыр.
Табиғат Нұрболат