"Астық өндіруге қарағанда тауық жұмыртқасын өндіру 3 есе көп кіріс әкеледі",– деді ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Министр 2018 жылғы статистиканы келтірді.
"2018 жылы 5,5 млрд тауық жұмыртқасын өндіріп, бірінші рет 602 млн тауық жұмыртқасын Ауғанстан және Ресей сияқты елдерге экспорттадық. Құс етін өндіру бойынша да өсім көрсетіп отырмыз, Ақмола облысында 60 мың тонна құс етін шығаратын Орталық Азиядағы ең үлкен құс фабрикасы іске қосылғанын білетін боларсыздар", – деді Шөкеев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу