Астық бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуеті қандай – АҚШ билігінің болжамы

843

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның биылғы (2020 жылғы шілде – 2021 жылғы маусым) бидай өндірісі жөніндегі болжамын жария етті. 

Астық бойынша Қазақстанның экспорттық әлеуеті қандай – АҚШ билігінің болжамы Фото: Серікжан Қобыланбаев

Мамыр айына жасалған болжамға сәйкес, аталмыш көрсеткіш 14,26 млн тонна мөлшерінде болады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның шолуына сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, бидай экспорты 7,5 млн тонна, ал импорттық деңгейі 500 мың тонна болмақ. 

Астықтың ауыспалы қорының 2021 жылғы 1 шілдедегі болжамы 1,59 тонна көлемінде бағаланған. Сәуірде ведомство бұл көрсеткішті 1,69 млн тонна деп болжаған еді.

Болжам бойынша биыл Қазақстанның экспорттық әлеуеті астық пен астық эквивалентіндегі ұн көлемі жағынан 7-8 млн тоннаға жетеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2020 жылы астық түсімінің таза салмақтағы жиынтығы 20,063 млн тоннаны құраған. Астық түсімінің таза салмақтағы жиынтығы 2019 жылы 17,4 млн тоннаға жеткен болатын.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу