"Астық дәлізі" келісімі тағы да шешімін таппады

726

Ал Путин санкциялар жойылса, "Астық дәлізін" жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

"Астық дәлізі" келісімі тағы да шешімін таппады

Түркия президенті Ердоған мен Ресей басшысы Путиннің үш сағатқа созылған екіжақты кездесуі аяқталды. Кездесуден кейін екі ел басшысының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты. 

Дүние жүзіндегі миллиондаған адамның астыққа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін келісімнің қайта жалғасуы үшін бүгін барлық назар Сочиге ауды. Ердоған мен Путиннің кездесуі аяқталғаннан соң, екі лидер камералар алдына шықты. Түркиялық TRT Haber арнасының тікелей эфирінде Ердоған "астық дәлізі жалғасуы керек" десе, Путин "Санкциялар жойылса келісімге келуге дайынбыз" деді.

Ауылшаруашылығы саласында бағалардың теңгерімді деңгейге жетуін қалайтынын білдірген Путин: "Астық дәлізін жандандырғымыз келеді, бұны жүзеге асырамыз да. Тек бір шартпен. Біз ауылшаруашылық өнімдеріміздің теңізге еш кедергісіз шыққанын қалаймыз", - деді.

Сонымен қатар Ресей басшысы: "Біздің астық алдымен Түркияда өңделіп, одан кейін мұқтаж елдерге жөнелтілсе дейміз. Себебі астық алдымен мұқтаж елдерге жетуі керек", - деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу