"Астық дәлізі" келісімін қайта ұзартуға тырысамыз - Ердоған

624

Бұл туралы Түркия Президенті журналистерге берген сұхбатында айтты.

"Астық дәлізі" келісімін қайта ұзартуға тырысамыз - Ердоған Фото: aa.com.tr

Түрік көшбасшысы Анкараның Қара теңіздегі астық келісімін қалпына келтіру бойынша Мәскеумен байланыстарын жалғастыратынын атап өтті. Режеп Тайып Ердоған тамыз айында Ресей басшысы Владимир Путиннің Түркияға сапары барысында астық дәлізін ұзарту мәселесін талқыламақшы.

Ердоғанның айтуынша, Батыс елдері өз кезегінде бұл мәселеде ресейлік тараптың талабын ескеруі керек.

"Қара теңіз астық бастамасының тоқтатылуы бірқатар жағымсыз салдарға әкеледі, оның ішінде азық-түлік бағасының өсуі, аштық пен миграцияның жаңа толқыны бар. Мұндай жағдайларға жол бермеу үшін біз бастаманы жалғастырамыз. Путин мырзамен келіссөздер осы гуманитарлық бастаманы кеңейтуге көмектеседі деп сенемін. Оның да батыс елдеріне  қойған талабы бар және олар өз кезегінде тиісті шараларды қабылдауы керек", - деді Түркия президенті.

Айта кетейік, келісім аясында Украина шетелге шамамен 33 миллион тонна жүгері, бидай және басқа да астық түрлерін экспорттады. Сонымен қатар экономикалық дағдарыс пен жаһандық азық-түлік дағдарысының алдын алды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу