Астық экспорттайтын шаруаларға субсидия беріледі

141

Құжат жобасы 2024 жылғы 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр.

Астық экспорттайтын шаруаларға субсидия беріледі Фото: canva.com

Қазақстан астықтың бәсекеге қабілетті бағасын қамтамасыз ету мақсатында астық экспорттайтын шаруалардың көлік шығындарын өтеуге субсидия бөледі.

Бұл туралы Үкімет қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шаруалардың жол шығындарын өтеуге субсидия бөлудің тағы бір себебі – астық толған элеваторларды босату уақытының тығыздығы.

– 1,5 млн тонна астықты экспорттауға көлік шығындары құнын өтеуге астықтың тоннасын 20 000 мың теңге мөлшерінде арзандатуға субсидия қажет. Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі шығынды өтеуге 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге мөлшерінде қаражат бөлу қажет, – делінген құжатта.

Сондай-ақ, аталған құжатты қабылдау агроөнеркәсіптік сектордағы әлеуметтік-экономикалық дамудың ілгерілеуіне, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің экспорттық әлеуетін кеңейтуге және логистикалық саласына оң ықпал ететіндігі айтылған.

Сонымен қатар, құжат жобасында астық экспорттайтын елдер мен шаруаларға берілетін субсидияның көлемі көрсетілген:

  • Ресей Федерациясының аумағы арқылы Қара және Балтық теңіздерінің Ресей порттарының бағытына бір тонна үшін – 20 000 теңге;
  • Ресей Федерациясының, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының аумағы арқылы Балтық теңізі порттарының бағытына бір тонна үшін – 20 000 теңге;
  • Қытай Халық Республикасы арқылы Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бағытына бір тонна үшін – 20 000 теңге;
  • Түрікменстан арқылы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің бағытына бір тонна үшін – 20 000 теңге;
  • Әзербайжан Республикасының, Грузияның, Армения Республикасының бағытына бір тонна үшін – 20 000 теңге;
  • Иран Ислам Республикасының бағытына бір тонна үшін – 20 000 теңге.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу