Астық экспорты қысқаруы мүмкін

528

Қазақстанда астық экспорты қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Астық экспорты қысқаруы мүмкін

Мұны ауыл шаруашылығы министрі айтты. Бұған себеп – Ресей қойған талап. Көрші ел биыл рекордық ырыздық жинауды жоспарлап отыр.

Алайда Еуразиялық экономикалық одақ елдері Ресейден алған бидайды үшінші елдерге қайта сата ма деп қауіптенеді.

Сондықтан Ресей билігі одаққа мүше мемлекеттерге астықты шекара асыруға квотаны азайтып, баж салығын енгізуді талап етті. Әйтпесе, бидайды мүлде сатпай қоямыз дейді. Қазақстан болса, көрші елдің бұл талабын орындамайтынын ашық айтты.

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, біз ресейлік бидайға тәуелді емеспіз, өнім өзімізде де жеткілікті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу