Астық қабылдау пунктінде жұмысшы әйел қайтыс болды

947

Қабырға құлап кетіп, 43 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

Астық қабылдау пунктінде жұмысшы әйел қайтыс болды

Ақмола облысында "Жақсы-Астық" ЖШС-ның астық қабылдау пунктінде қабырға құлап, 43 жастағы жұмысшы әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан облыстық ТЖД-ға сілтемемен.

Ведомствоның мәліметінше, қойма астындағы төменгі галереяда бидайды кептіру жұмыстары кезінде төбенің бетон тақтасы опырылған. Нәтижесінде төгілген астық пен қабырға астында қалған әйел сол жерде қайтыс болған.

Оқиға орнына ТЖД, медицина мен полиция қызметкерлері жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу