Астық кептіру қондырғыларына керек табиғи газ жеткізіледі – АШМ

1128

Бұған дейін БАҚ-та кептіру қондырғыларының жұмысына қажетті сұйытылған табиғи газдың болмауынан астықтың "күйіп кетуі" мүмкін екені туралы ақпарат жарияланған еді.

Астық кептіру қондырғыларына керек табиғи газ жеткізіледі – АШМ

АШМ бұл мәселенің шешілетінін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Газ отынымен жұмыс істейтін жабдықты негізінен Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері пайдаланады. Облыста жинау науқаны үшін газ бойынша жалпы қажеттілік 720 тоннаны құрайды. Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша ресурс иеленушілермен Павлодар облысына қосымша 2,0 мың тонна көлемінде газ отынын жеткізу туралы келісім бар, бұл көрсетілген қажеттілікті жабады", – дейді АШМ-нен.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы және Энергетика министрліктеріне Шығыс Қазақстан (7,0 мың тонна), Павлодар (2,0 мың тонна) облыстарының әкімдіктерінен дәнді дақылдарды кептіруге дизель отынының қосымша көлеміне өтінімдер келіп түскен.

"Көрсетілген көлемдерді бөлу мәселесі қарастырылуда", – дейді министрліктен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу