Астық көлемі артып отыр

652

2022 жылы бидай жинау көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 15-20%-ға өсіп, 13-13,5 млн тоннаға жетеді деп болжанып отыр. Бұлай деп Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Астық көлемі артып отыр

"Биыл бидай көлемі 13-13,5 млн тоннаны құрайды деп болжанып отыр. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, егін 15-20%-ға артық жиналмақ", – деді министр.

Ербол Қарашөкеевтің хабарлауынша, жыл сайын жиналатын бидайдың 12-12,5 млн тоннасының 6 млн тоннасы ішкі тұтынуға жұмсалады. Ал қалған көлемі астық пен ұн түрінде экспортқа кетеді. 

Айта кетейік, 2021 жылы елімізде 11,8 млн тонна көлемінде бидай жиналған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу