Астық қорын сақтауға республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлу қажет

459

Мәжіліс "Астық туралы" Қазақстан Республикасының заңына толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. 

Астық қорын сақтауға республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңге бөлу қажет

"Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ-ның мәртебесі мен рөлін заңнамалық тұрғыдан айқындауды көздейтін құжат табиғи және техногендік сипатта төтенше жағдай туындаған немесе төтенше жағдай енгізілген кезде елді азық-түлікпен кепілді түрде қамтамасыз етуді жүзеге асырады. 

"Заң жобасындағы түзетулер астықтың тұрақты жұмыс істейтін резерв қорын қалыптастыру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру арқылы ішкі астық нарығын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы салаларына арналған жемшөп базасын дамытуға, сондай-ақ тұқымдық және жемдік қорларды қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы, астықтың резерв қорын сақтауға жыл сайын республикалық бюджеттен шамамен 2,4 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу қажет", – деді депутат Сергей Звольский.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу