"Астық мәмілесі" аясында Украинадан 15 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмайлоғлудың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, 1 тамыздан 25 желтоқсанға дейін Украина порттарынан 585 құрғақ жүк тасымалданған. "Астық дәлізі" арқылы жалпы 15 млн 80 мың тонна агроөнімнің 13 түрі тасымалданды.
Қараисмайлоғлу Украинадан түскен өнімнің 44%-ы Еуропа елдеріне, 29%-ы Азия елдеріне, 15%-ы Түркияға, 12%-ы Африка мемлекеттеріне жөнелтілгенін атап өтті.