Астық одағы: Бидай контрабандасын тоқтату үшін нарықты реттейтін электронды қызметті іске қосу керек

431

Ресейден келетін заңсыз бидайдың кесірінен ел қазынасы 1 жылда 16 млрд теңге жоғалтады.  

Астық одағы: Бидай контрабандасын тоқтату үшін нарықты реттейтін электронды қызметті іске қосу керек Фото: orda.kz

Мұндай деректі Қазақстан астық одағының өкілдері хабарлады. Олардың есептеуінше, жылына елімізге Ресейден 1-1,5 млн тонна заңсыз астық келеді. Ал, тасымалдаушылар уақытша заңды тұлға ретінде тіркеліп, 180 күннің ішінде тауарды өткізіп үлгереді. Мерзім өткен соң, қосымша құн салығын төлеместен, жауып тастайды.

Сондай-ақ, өткізу бекеттеріндегі "бармақ басты, көз қысты әрекеттер" елге заңсыз бидайдың келуіне жол ашып отыр. Астық одағы мәселенің шешімі ретінде нарықты реттейтін электронды сервис іске қосуды ұсынады. Бұл жүйе тек контрабанданы тоқтатпай, астық саласында қордаланған бірнеше проблеманы шешер еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу