Қазақстан астығын экспортқа шығара алмай қалуы мүмкін

502

Қазақстан күзге қарай астық өнімдерін экспортқа шығара алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қазақстан астығын экспортқа шығара алмай қалуы мүмкін

Саланы тауар сапасының нашарлығы тежеп тұр.

Бұл туралы Астық өндірушілері одағының төрағасы Нұрлан Оспанов айтты.

Сөзінше, бірінші шілдеден Ресей өнімдерін Қазақстанға экспорттауға тыйымды алып тастады. Әрі рекордтық көлемде дақыл өсіріп, шет елге тасығалы жатыр. Осы орайда біздің астық шет елге аспай қалама деп алаңдаулы. Ел нарығын Ресей өнімі басып, отандық өндірушілер шығынға батпақ.

Қазір Иран мен Ресей арасында арпа саудасына байланысты келіссөз жүріп жатыр. Егер екі ел келіссе, онда біздің өнімді өткізу қиынға соғады. Қазақстан арпасының 86-90%-ын осы Иран сатып алып келген. Еліміз жылына 9-млн тонна түрлі дәнді дақыл экспорттайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу