Астық өндірушілердің шағымынан соң, ұн биржа арқылы сатылмайтын болды

1061

Бұл уақытта еліміздің астық өндірушілері бірін-бірі  құттықтап, сүйінші сұрауда, деп хабарлайды Atameken Business.  

Астық өндірушілердің шағымынан соң, ұн биржа арқылы сатылмайтын болды

Өйткені, ұн биржа арқылы сатылмайтын болды. Еске салайын, былтыр желтоқсанда Сауда және интеграция министрлігі ұнды аукцион арқылы сату туралы бұйрық шығарған еді. Мұны естіген өнім өнімдірушілер "бұл ақылға қонымсыз жоба" деп шулады. 4 ай бойы соны шенеуніктерге түсіндірумен болды.  Себебі ұн азық-түлік өнімі. Аукцион арқылы сатылғанын күтіп отырғанда жарамдылық мерзімі өтіп кетеді. Әрі, оның сапасы сұранысқа қарай реттеледі. Әр елдің тұтынушыларына әртүрлі өнім өндіріледі. Бүгінде қазақ бидайының басты тұтынушысы - Ауғанстан. Бұл ел биржа арқылы тауар сатып алуға қауқарсыз. Тіпті, ол жақта сандық технология дамымаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу