Астық пен ұн экспорты ұлғайды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайты жазды.

Астық пен ұн экспорты ұлғайды Фото: baraev.kz

Экспорт көрсеткіштерінің өсуі сыртқы нарықтарда қазақстандық астық өнімдеріне тұрақты сұраныстың бар екенін байқатады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ деректеріне сай, 2025 жылдың қыркүйегінен 2026 жылдың наурызына дейінгі кезеңде астық пен ұнның астық баламасындағы экспорты 8,9 млн тоннаға жеткен. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға (7,9 млн тонна) артық. 

Осылайша, экспорттың негізгі бағыттары бойынша оң динамика байқалып отыр. 

– Өзбекстанға жеткізілімдер 14%-ға өсіп, 6,6 млн тоннадан 7,5 млн тоннаға жетті. Қырғызстанға экспорт 1,8 есеге артып, 194 мың тоннадан 354 мың тоннаға дейін көбейді. Ауғанстанға жеткізілім көлемі 24%-ға өсіп, 1,1 млн тоннадан 1,3 млн тоннаға жетті. Түрікменстанға экспорт 1,5 есеге ұлғайып, 94 мың тоннадан 145 мың тоннаға дейін артты.

Экспорт көрсеткіштерінің өсуі сыртқы нарықтарда қазақстандық астық өнімдеріне тұрақты сұраныстың бар екенін және экспорттық логистиканы дамыту бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді, – делінген хабарламада. 

Бүгінде агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу