Астық тиелген кеме Украина портынан шыға алмады

561

Бұған дейін Украина билігі 24 ақпаннан бері екінші шетелдік кеменің келгені туралы хабарлады.

Астық тиелген кеме Украина портынан шыға алмады

Украиналық астық тиелген кемелердің бірі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Қара теңіз портынан шыға алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Бүгін Қара теңіз портынан астық тиелген кеме ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолға шыға алмады", – деп жазылған ведомствоның мәлімдемесінде.

Бұған дейін Украина билігі 24 ақпаннан бері екінші шетелдік кеменің келгені туралы хабарлады. Алғашқы FULMARS жүк кемесі Черноморск портына 6 тамызда келген болатын.

22 шілдеде Ыстанбұлда Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен Украина порттарынан астықты қауіпсіз тасымалдау туралы келісім жасаллды. Құжатқа Украина, Ресей, БҰҰ және Түркия өкілдері қол қойды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу